Өмірбаян
Султанова Айнур Каналқызы. ОҚО-ның Бөген ауданы, Темірлан ауылында 1968 жылы, қызметкер отбасында дүниеге келдім, Қазақстан Республикасының азаматшасымын.
1975 жылы Темірлан ауылындағы А.Иманов атындағы орта мектептің 1-сыныбына оқуға бардым. 1978 жылдан Бадам ауылына көшіп С.Сейфуллин орта мектебінде оқуымды жалғастырып, 1985 жылы осы мектепті бітірдім. 1985 жылы Шымкент қаласындағы педагогика институтының «физика-математика» факультетіне оқуға түстіп, 1990 жылы «физика, информатика және есептеу техникасы мұғалімі» мамандығымен диплом алып, аяқтадым. Жұмыс жолымды 1990 жылы өзім бітірген С.Сейфуллин орта мектебінде «информатика және физика» пәні мұғалімі болып бастадым. 1991 жылы тұрмыс құрып, Арыс қаласына келдім. Сол уақыттан қалалық білім бөлімінде уақытша фильмхана меңгерушісі, кейін балалар үйінде тәрбиеші қызметтерін атқардым. 2006 жылы Шымкент қаласына көшіп келуіме байланысты қазан айынан қалалық оқу бөліміне қарасты №2 кешкі мектеп директоры қызметін атқардым. 2013 жылдың тамыз айынан «ауыстыру» тәртібімен №22 жом директоры қызметін атқардым. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап «ауыстыру» тәртібімен №61 ЖОББМ КММ-сі директоры қызметін атқарудамын.
Мектеп пен институт қабырғасында қоғамдық жұмыстарға белсенді араластым. Балалар үйінде «кәсіподақ төрайымы» жұмысын атқардым.
Жақын туыстарым:
Әкем – Султанов Канал – зейнеткер, 1940ж.т
Анам – Кадирбекова Сапаркул – 1988 ж қайтыс болған
Әпкем – Султанова Гулнар – 1962 ж.т, отбасылы
Ағам – Султанов Сакен – 1965 ж.т, отбасылы
Әпкем – Султанова Айгул – 1967 ж.т, ажырасқан
Інім – Султанов Ермек – 1970 ж.т, отбасылы
Сіңілім - Султанова Клара – 1977 ж.т, отбасылы
Өзімнің және күйеуімнің жақын туыстарымның ішінде қылмыстық іске тартылған, сотталғандар жоқ. Өзім әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлегенмін.








Сұрақ қою